Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Аймақ басшысының өкімімен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша енді бұл қызметті Біржан Көшербаев атқарады. Атқамінер 32 жаста, Аққайың ауданындағы Рублевка ауылында туған. Мәскеу қаласындағы “Ұлттық бизнес институты” автономды коммерциялық емес жоғары білім беру ұйымын “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын СҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде бастаған. Әр жылдары облыс әкімінің бас инспекторы, Петропавл қаласы әкімі мен құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Осы тағайындауға дейін жеке кәсіппен айналысқан.
Нурасыл Ахмет