Тайынша ауданаралық көпбейінді ауруханасында эндоваскулярлық хирургия бойынша халықаралық шеберлік сабағы өтті. Оған Қазақстан мен Арменияның жетекші дәрігерлері, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысының медицина мамандары қатысты. Дәрігерлер ангиографиялық қондырғының көмегімен заманауи емдеу әдістерін қолданып, күрделі оталар жасады. Шеберлік сабағына түрлі диагнозы бар 7 науқас дайындалған. Мамандар жүректің оң жақ коронарлық артериясындағы қан айналымын қалпына келтіріп, екі стент орнатты. Сондай-ақ, ми артериясындағы аневризманы платина спиральдары арқылы бекіту, кіші жамбас аймағындағы варикозды емдеу және басқа да эндоваскулярлық оталар жүргізілді. Халықаралық шараның мақсаты – дәрігерлер арасында тәжірибе алмасу, және тұрғындар үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.
Жансая Дербисова