Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан COP31-де метан шығарындыларын қысқарту жөніндегі шараларын таныстырды

COP31 аясында Анталья қаласында метан шығарындыларын қысқарту және Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған іс-шара өтті. Оны CAREC, Global Methane Hub және Environmental Defense Fund (EDF) ұйымдары ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Қазақстанның метан шығарындыларын реттеуді жетілдіру, спутниктік мониторингті енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы шаралары таныстырылды.

Қазақстан метан шығарындыларын қысқарту саласындағы өңірлік әріптестікті одан әрі нығайтуға және тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/org/ecogeo/press/news/details/1330004?lang=kk