Спорт

Бакуде бұйырған жүлделер

Каспий теңізінің жағасынан жағымды жаңалық жетті! Солтүстікқазақстандық жасөспірім қыздар Әзірбайжан астанасы Бакуде ел намысын қорғады. «Жеңімпаз белдігі» атты халықаралық турнирде 6 жерлесіміздің 5-еуі жүлдеге қол созды. Қанжығаға 2 күміс және 3 қола медаль байланды. Палуандар 33 пен 54 келі аралығындағы бірнеше салмақ дәрежесінде бақ сынады. Айта кетейік, бұл додаға жан-жақтан жиналған 150 спортшы қатысты.

Сандугаш Кайырбек