Конституция – елдің құқықтық жүйесінің негізі, тәуелсіздік пен тұрақтылықтың кепілі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ қоғам алдындағы міндеттері айқындалған. Ата заңды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Ал халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда кітапханалардың да өзіндік орны бар. Мұнда оқырманға заңнаманы түсіндіру, тарихи мұраны дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылады. Осы орайда И.Шухов атындағы кітапхана мамандары жыл басынан бері 300-ден астам іс-шара өткізген.
АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың әдіскері:
– “Мен кітапхана қызметкері ретінде бізге келген оқырмандарымызға жергілікті жазушыларымыздың кітаптарын насихаттау мен сауаттылықты арттыру негізінде көптеген ұсыныс береміз. Дөңгелек үстел, сұхбат өткізіп, кітап әлеміне саяхат жасаймыз. Сонымен қатар, Конституцияға келетін болсақ, біздің негізгі мақсатымыз – жастарды сәлт-дәстүрге, мәдениетімізге баулу, құрметтеуге үйрету. Жазушылардың шығармалары арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді айта кеткен жөн”.
Аружан Султанова