Қазақстан жаңалықтары

«Солтүстік Қазақстан облысында «Заң және Табиғат» Telegram боты іске қосылды: тұрғындар экологиялық құқық бұзушылықтар туралы прокурорларға тікелей хабарлай алады

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысуын арттыруға бағытталған «Заң және табиғат» Telegram-ботты іске қосты.

Telegram-боттың көмегімен облыс тұрғындары тәулік бойы ағаштарды заңсыз кесу, жердің бүлінуі, жер қойнауын заңсыз пайдалану, браконьерлік, ауа мен су объектілерінің ластануы фактілері туралы ақпаратты жібере алады.

Бұл механизмнің негізгі ерекшелігі-прокурорға сигналдардың тікелей түсуі.

Әрбір келіп түскен хабарламаны бастапқыда табиғат қорғау прокуроры қарайды және басқа мемлекеттік органдарға автоматты түрде жіберілмейді.

Мұндай тетік ақпараттың ағып кету қаупін азайтуға, келіп түскен мәліметтерді объективті бағалауды қамтамасыз етуге және прокурорлық ден қоюдың қажетті шараларын айқындауға мүмкіндік береді.

Негіздер болған жағдайда жұмысқа уәкілетті мемлекеттік органдар тартылады, ал прокуратура өз өкілеттіктері шегінде қабылданған шаралардың нәтижелеріне тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.

Хабарламаны жіберу үшін Telegram-ботқа өтіп, анықталған фактіні сипаттап, бар болса, фото немесе бейнематериалдарды қоса беру жеткілікті.

Бастама «Заң мен Тәртіп» қағидаты, «Taзa Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде іске асырылады және қоршаған ортаны қорғау саласында прокуратура мен халық арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетігін қалыптастыруға арналған.

«Заң және Табиғат» – экологиялық бұзушылықты көрсеңіз, прокурорға хабарлаңыз!

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.