Мәдениет

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі Италия сахнасында өнер көрсетті

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі Еуропа төрінде өнер көрсетуде. Осы күндері 40 адамнан құралған делегация Италияның Пезаро қаласында тыңдарман қауымды таңғалдыруда. Әйгілі италиялық композитор Джоаккино Россиниді еске алуға арналған “Қазақстан-Италия. Шекарасыз Музыка” атты шараға жезтаңдай жерлестеріміз 22 туынды апарған. Қасиетті домбыраның қоңыр үні мен дарындарымыздың даладай дауысы тыңдарман қауымды тәнті етті.

Сандугаш Кайырбек