Білім

Ербол Исақаев: “Келесі жылы жаңа оқу корпусын салуды жоспарлап отырмыз”

Президент өз Жолдауында құрылыс саласын дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халыққа қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар жоғары оқу орындары үшін де маңызды.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма төрағасы-ректоры:
– “Біздің университетте де бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Биыл Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалы ашылды. Сонымен қатар, 2024 жылы студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа жатақхана тұрғыздық. Ал келесі жылы өнер университетіне арналған жаңа оқу корпусын саламыз”.

Улан Ыдырыс