Біріккен Араб Әмірліктерінен жеткен жағымды жаңалық! Қазақстан тарихында биатлоннан тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ербол Хамитов тағы бір белесті бағындырды. Ол парабразильдік джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды. Жаһандық жарыс Абу-Дабиде ұйымдастырылды. Сайыста өңіріміздің тумасы Бразилия мен АҚШ-тың мықтысын тізе бүктірді. Финалдағы қарсыласын 13 те 2 есебімен ойсырата жеңді.
ЕРБОЛ ХАМИТОВ, парабразильдік джиу-джитсудан әлем чемпионы:
-“Чемпион атандық. Алғаш рет қатысып, күресіп көрдім”.
Байболат Култанов