Петропавлда жаңа жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы басталды. Жоба Президенттің Жолдауда берген “Өңірлерде денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту” тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Маңызды істі жүйелі түрде жүргізу үшін Инфрақұрылымды дамыту қорынан 5 млрд 900 млн теңге бөлінді. Оның 800 млн-на медициналық жабдықтар сатып алынады. Бар ақпармен облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов бөлісті.
НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО әкімінің орынбасары:
– “Жаңа станция жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсете алады. Мұнда негізгі ғимарат, дәрігерлерді оқыту орталығы және көліктерді жөндеу нысаны салынады. 20 көлікке арналған жылы гараж саламыз”.
Қазір құрылыс алаңында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Мердігер компанияның мамандары аумақты тазалап, жер учаскесін тегістеуде. Жаңа ғимаратта орталық қызметкерлеріне бар жағдай жасалады.
НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО әкімінің орынбасары:
– “Учаскеде 20 жұмысшы мен 10 техника жұмыс істеуде. Жаңа станцияның құрылысы 2027 жылдың желтоқсанында аяқталады”.
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінуде. Биыл елде 50 медициналық нысан салынған. Маңызды істерге 108 млрд теңге қаржы бағытталған.
Нурасыл Ахмет