Қоғам

СҚО-да ауылдардың арасындағы жолды жөндеуге бөлінген ақша ұрланған

Өңірде ауылдардың арасындағы жолды жөндеуге бөлінген ақша ұрланған. Мұндай дерекпен Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бөлісті. Қадағалаушы орган өкілдері Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметін тексерген. Сонда «Тимирязево – Докучаево» автомобиль жолын орташа дәрежеде қалпына келтіруге бағытталған бюджет қаражаты қолды болған. Халыққа күткен жұмысқа емес, қалтаға кеткен қаржының көлемі 87 млн теңгені құрайды.

– “Аталған алаяқтықты жасағаны үшін мердігер ұйымның бұрынғы басшысы күдікке ілінді. Ағымдағы жылғы 12 қазанда материалдар прокуратураның Ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, облыстың Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сол күні Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында”.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Байболат Култанов