Заң

Петропавлда тәртіп сақшылары мен сала ардагерлері уақыт капсуласын салды

Облыстық полиция департаментінің мұражайына 37 жыл және Ішкі істер органдарының ардагерлері күні. Қос мерекеге орай ведомство қабырғасында арнайы іс-шара өтті. Жиында кейінгі толқынға арналған уақыт капсуласы салынды. Оны 2039 жылдың 9 қарашасында, яғни музейдің 50 жылдық мерейтойында ашу жоспарланған. Салтанатты басқосуда мұражай меңгерушісі Меруерт Самаратованың еңбегі атап өтілді.

РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД бастығы:
– “Сіздің естеліктеріңіздің, тапсырылған фотосуреттердің, құжаттардың және жеке мұрағаттардың арқасында бүгінде облысымыздың ішкі істер органдары тарихының баға жетпес жинағы құрастырылды. Қазір мұражайда 5 мыңнан астам бірегей жәдігер бар. Дәл осы жерде жас қызметкерлерге ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін оқиғалар, дәстүрлер туралы естелік сақталады”.

Облыстық полиция департаменті мен Ұлттық гвардияның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов та мұражайдың жас қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеудегі рөлін ерекше атап өтті. Ол ардагерлер Любовь Осинская мен Нина Бенграфтың ұзақ жылғы еңбегін еске алды: олар ұзақ жыл музейді қалыптастырды және оны елдегі ең үздік ведомстволық мұражайлар қатарына қосты.

Аружан Султанова