Экология

Конституцияда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық берілген

1 шілде күні күшіне енген Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық берілген. Бұл бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Мысалы, өңірде жастар экологиялық жобаларға белсенді қатысып, табиғатты қорғау шараларына атсалысуда. Соның бірі – “Ел жастары” өңірлік өкілдігі. Жыл басынан бері бірлестіктің қыз-жігіттері 200-ден астам экологиялық шара өткізген.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, “Ел жастары” РҚБ өңірлік өкілдігінің басшысы:
– “”Таза Қазақстан” тұжырымдамасы бойынша “Ел жастары” СҚ өңірлік өкілдігі белсенді түрде жұмыс істеп келе жатыр. Осы жылы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Жаңадан қолға алынған “Эко бастау” жобасы туралы айтсақ, облысымызда 8 ауданды қамтыдық. Оның ішінде 100-ге жуық адам бар. Жоба 2 бөлімнен тұрады”.

Аружан Султанова