Спорт

Теріскейлік ауыл спортшылары республикалық сайыста жүлдегер атанды

Астанада ауыл балаларының басын қосқан “AUYL SPORT-2026” республикалық турнирі өтті. 2-7 қараша аралығында ұйымдастырылған додаға еліміздің 17 өңірінен 350-ден астам жас спортшы қатысты. Олар спорттың сегіз түрінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының екі спортшысы жүлделі орынға ие болды. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы Знаменское ауылының палуаны Никита Романов. Ол еркін күрестен 41 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Ғ.Мүсірепов ауданының өкілі Петр Асманда бокстан екінші орын иеленді.

Улан Ыдырыс