Қоғам

Беларусь аяқ киімдерінің жаңа партиясы жеткізіледі

АРУЖАН СҰЛТАНОВА, тілші:
– “Қыс мезгілінде аяқ киімнің жылы болуы жеткіліксіз. Ол жеңіл, ыңғайлы әрі тайғақта табанды нық басуға мүмкіндік беруі керек. Петропавлда өтіп жатқан Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесінде осы талаптарға сай қысқы топтамалар ұсынылған. Кейбірінің өзіндік ерекшелігі де бар”.

Сөреге қойылған тауарлардың арасында аяқ ерекшелігіне байланысты тігілген өнімдер кездеседі. Біреудің бақай сүйегі шығыңқы, екіншісінде жалпақтабандылық байқалады. Шекара сыртындағы шеберлер аяқ киімдерді тігу барысында осы тұстарды ескерген.

ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:
– “Әйелдер аяқ киімінің өлшемі – 36-42, ал ерлер аяқ киімінің өлшемі – 40-45. Барлық аяқ киім бұзау терісінен жасалған. Ішкі бөлігі қой терісімен қапталған”.

Осы орайда талғампаз сатып алушыларға маңызды хабарламамыз бар. Сонау Беларусь елінен Петропавлға аяқ киімдердің жаңа партиясы келе жатыр. Демек, сөредегі тауар толығады. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмау керек.

ПЁТР КОВАЛЁВ, қала тұрғыны:
– “Тауардың сапасы жақсы деп ойлаймын. Бағасы түрік аяқ киімдерімен салыстырғанда сәл арзанырақ. Жүргенде де жеңіл екен. Өзіме қысқы аяқ киімнің 2 данасын аламын деп отырмын”.

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі 9 қарашадан 15 қарашаға дейін Жамбыл көшесі, 82А мекенжайы бойынша өтуде. Сатып алушы тұрғындар мен қала қонақтары нысанның оң жақ бүйіріндегі есіктен кіруі тиіс. Сауда күн сайын таңғы 10:00-нан кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Анықтама телефонын назарға ұсындық: 8 747 862 1123.

Аружан Султанова