Қазақстан жаңалықтары

Нұргүл Болатова: “Өңіріміз IT саласын дамытудың кейбір бағыттары бойынша алдыңғы қатарда тұр”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстан үш жылдың ішінде толыққанды цифрлық елге айналуы тиіс екенін атап өтті. Ол үшін экономиканың барлық саласына жасанды интеллект технологияларын енгізіп, цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажет. Бұл бастамаларды SKO Hub директоры Нұргүл Болатова да қолдайды. Оның айтуынша, өңірде цифрлық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және жастарды заманауи IT мамандықтарға баулу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO Hub директоры:
– “Біз Digital Aimaq жобасы аясындағы аудандық IT және SKO Hub орталықтарында осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Өңіріміз тіпті IT саласын дамытудың кейбір тұстары бойынша алдыңғы қатарда тұр. Мысалы, жастарға алған білімін бірден табыс көзіне айналдыру үшін цифрлық дағдыларды үйретеміз. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге маркетплейстер мен цифрлық платформаларды пайдалануды көрсетеміз. Жастарды фриланс биржаларында жұмыс істеуге баулимыз. Бұл ұл-қыздарға онлайн тапсырыс алып, табыс табуға жол ашады”.