Қоғам

Мәдина Дарбаева: “Ерекше балалары бар отбасылар үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы зор

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беруді дамыту мәселесіне айрықша назар аударды. Президенттің айтуынша, бүгінде елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала бар. Соңғы жылдары олардың саны артып барады. Осыған байланысты Үкімет пен өңір әкімдеріне инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту міндеті жүктелді. Бұл бастаманы “Балдәурен” балабақшасының жетекшісі Мәдина Дарбаева да қолдайды.

МӘДИНА ДАРБАЕВА, “Балдәурен” бөбекжай-бақшасының директоры:
– “Педагог ретінде мені инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесі алаңдатады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленетін отбасылар үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы зор. Қазір қаламыз бен облысымыздағы мектепке дейінгі ұйымдарда осы балалардың дамуына, өз бетінше өмір сүруге бейімделуіне көмектесетін тьюторлар мен педагогтер жұмыс істейді. Сондай-ақ, мәдениет, денсаулық сақтау нысандарымен қатар, тұрғын үй құрылысына басымдық берілгені көңіл қуантады. Себебі, жас педагогтердің басым бөлігі бүгінде сапалы әрі жайлы баспанаға мұқтаж. Жаңа тұрғын үйлердің салынуы жастардың өзге өңірлерден бақыт іздемей, туған жерінде тұрақтап қалуына мүмкіндік береді”.

 

Улан Ыдырыс