Заң

Магы бар тоқаш пен алма шырыны: алаяқтар облыстық прокуратураның атын жамылуда

Өңірде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр. Айлакерлер енді облыстық прокуратураның атын жамыла отырып, жолаушы тасымалына және тапсырыс жеткізу қызметіне арналған inDrive қосымшасын қолдануды бастады. Алдау тәсілі қарапайым: қулар прокуратура ғимаратына азық-түлік әкеліп беруді сұрайды. 5 мың теңге төленетіндігін көрсетеді және әңгімені WhatsApp мессенджерінде жалғастыруды ұсынады. Диалог кезінде магы бар тоқаш, алма шырыны сияқты өнімдер мен жол-жөнекей терминал арқылы интернет модем үшін 9890 теңге төлеу қажетігін жазады. Сақ болыңыздар! Құқық қорғаушылар бұл айлакерлердің ісі екенін алға тартады.

НҰРЖІГІТ ЖҰМАН, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:
– “Айлакерлер прокуратура атын жамылуда. Алданып қалмаңыздар!”

Байболат Култанов