Қоғам

Қоғам белсендісі Конституцияға қатысты өз пікірін білдірді

Конституцияның күшіне енгеніне 4 айдан асты. Ата заңда халықтың ел басқарудағы рөліне ерекше мән берілген. Яғни, әр азамат өз ұсынысын айтып, қоғамдағы маңызды мәселелердің шешілуіне үлес қоса алады. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып жүрген жандардың бірі – Жанат Мұхамеджанов. Ол қаламыздың дамуына қатысты түрлі бастамаларды көтеріп келеді.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:
– “Мен қалалық қоғамдық мүшесі ретінде осы қаламыздың көркеюіне, дамуына өз үлесімізді қосып жүрміз. Қоғамдық кеңесте мен көбінесе жастар мәселесін көтеремін. Қаламызға арнайы жастар үйі салынса деген тілегім бар. Соңғы рет жастар үйі 2016 жылы қолданысқа берілген екен”.

Аружан Султанова