Петропавлда Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен республикалық жастар лагері өтті. Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Жолдауда айқындаған міндеттерді талқылады. Алдағы уақытта елде «Халық Кеңесі» атты жастар қозғалысын құру жоспарланып отыр. Себебі, өскелең ұрпақ мемлекетіміздің дамуына бейжай қарамауы тиіс. Жобаның алғашқы кезеңінде жаңа ұйымның құрамына еліміздің барлық өңірінен 126 жас кіреді. Олардың әрқайсысы Халық кеңесінің мүшелеріне бекітіліп, бірлесіп жұмыс істейді. Игі бастама аға буын мен жастар арасындағы байланысты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Жұмыс сапары аясында Ерлан Жақанұлы Мағжан орталығының жұмысымен танысып, шаһардың кіреберісінде орналасқан “Ботай” ескерткішін көрді. Сондай-ақ, Тайынша ауданына арнайы барып, ондағы IT-орталықтың мүмкіндігін бағалады.
Нурасыл Ахмет