Қоғам

Қазіргі заман талабы – технология, жасанды интеллект және IT саласы

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жас буынды қолдауға баса назар аударылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекет тарапынан бизнес бастаушы жас кәсіпкерлерге міндетті түрде қолдау көрсетіліп, жағдай жасалады деп атап өтті. “Бұл ауыл жастарының да спорт, цифрландыру және ғылым салаларында дамуына жол ашады”,- дейді жастар ресурстық орталығының өкілдері.

АРАМ, облыстық жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі:
– “Мемлекет басшысы өз Жолдауында жастарды IT және инновациялық кәсіпкерлік бағыттарында дамытуға ерекше тоқталған болатын. Қазіргі заман талабы – технология, жасанды интеллект және IT саласы болып отыр. Мемлекет осы бағытта да барынша қолдау көрсетіп, жастардың әлемдік деңгейде өз әлеуетін көрсетуіне жағдай жасайды. Бұл – бәріміз үшін зор мүмкіндік”.

Жаннур Бектурганова