ЖАННҰР БЕКТҰРҒАНОВА, тілші:
– “Өңірде күн қысқарды, суытты. Бұл – түсінікті жайт. Алдымызда ызғарлы қыстың алғашқы айы – желтоқсан тұр. Ал күзді шығарып салатын қарашада ауа райы қандай болады? Бұл сұрақты синоптиктерге қойдық”.
Қазан айы құбылмалы болды. Кезек қарашада. Синоптиктер осы бірқалыпты өтеді дейді. Бірінші онкүндікте күн 3-7 градус жылы болады. Ай бойы тұратын орташа температура -4 пен +5-тің арасында жылжиды. Бұл нормадан 1-2 градусқа жоғары екен. Айдың бірінші жартысында жауын-шашын түседі, екінші жартысында қар жауады. Көктайғақ болып, бұрқасын жүруі мүмкін.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ метеоболжам бөлімінің басшысы:
– “Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 8-13 градус аяздан 1-6 градус аязға дейін, күндіз 2-7 градус аяздан 1-6 градус жылыға дейін ауытқуы күтіледі. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 1-6 градус аяздан 13-18 градус аязға дейін, күндіз 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін біртіндеп төмендейді. Ай бойы желдің жылдамдығы жиі 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал”.
Мамандардың болжамы осындай. Биылғы қараша аса бір қатты қолайсыздық тудырып, қатаң мінезін көрсете қоймайды. Тек өңірде жиі жел соғып, жауын-шашын болады екен. Ал шаһар тұрғындары бұл айдан қандай ауа райын күтеді? Бұны өздерінен сұрап көрдік.
Аяз демекші, өңірде ең суық күн осыдан 39 жыл бұрын тіркелген екен. 87-де термометр бағаны -37,5 градусты көрсеткен, ал ең жоғары температура 55 жылы тіркеліпті, ол кезде +14 градус болған.
Жаннур Бектурганова