Қоғам

Жайнагүл Оспанова: “Конституция жарқын болашаққа жол ашады”

Білімді, талантты әрі ізденімпаз жастар – ел болашағының негізі. Ұл-қыздардың қабілетін ашып, оларға жағдай жасау – мемлекет үшін маңызды міндет. Конституцияның 2-бабында адам капиталы, білім мен ғылымды дамыту стратегиялық бағыт ретінде айқындалған. “Бұл өскелең ұрпақтың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жарқын болашаққа жол ашады”, – дейді “Qyzyljar” креатив орталығының жетекшісі Жайнагүл Оспанова. Нәзікжанды жұмыс істейтін орында аталған бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. 2 жылдың ішінде ондаған жас жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді, тың жобаларды жүзеге асырды. Кейбір бастамалары мемлекет тарапынан қолдауға ие болды.

ЖАЙНАГҮЛ ОСПАНОВА, “Qyzyljar” креатив орталығының жетекшісі:
– “Біздің креативті орталығымызда көптеген екі жылдың ішінде жобалар бастамасы болды. 2 жылдың ішінде 400-ден астам шара өткіздік. Конституция – мемлекетіміздің берік негізі. Бүгінде біздің басты міндетіміз – жастардың талантын ашуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік жасау”.

Аружан Султанова