Спорт

Теріскейлік спортшы Жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайды

Осы күндері Сенегалдың Дакар қаласында Жасөспірімдер Олимпиадасы жалауын желбіретті. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын теріскейлік спортшы Айзара Жұмабекова қорғайды. Жерлесіміз – 2025 жылғы ҚР кубогы мен чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ, “Red Bull BC One Kazakhstan” додасында топ жарып, Азия ойындарына қатысқан. Ол брейкингтен сынға түседі. Жарыстың бұл түрінен бәсекелер 12-13 қараша күндері өтеді.

Улан Ыдырыс