Қоғам

Қоғамдық орында мас күйде жүрген 12 адам жауапкершілікке тартылды

Петропавлда полицейлер бір кеште 9 жатақхананы тексеріп, 75 құқықбұзушылық анықтады. “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түрлі есепте тұрған 100-ден астам азамат назарға алынды. Бұдан бөлек тексеру барысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 12 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, отбасылық жанжал, жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүру деректері тіркелді.

Улан Ыдырыс