Қоғам

1 мандатқа 3 үміткер: СҚО-да мәслихат депутаттарының сайлауына 536 кандидат тіркелді

Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. Аймақта халық қалаулысы болуға 536 адам үмітті. Оның 45-і – облыстық мәслихатқа, 56-сы – қалалық мәслихатқа, 435-і аудандық мәслихатқа сайлауға түседі. Орта есеппен бір мандатқа 3 кандидаттан келеді.

Округтер бойынша үміткерлердің саны:

– Облыстық мәслихат – 15 округ, 45 кандидат
– Қалалық мәслихат – 18 округ, 56 кандидат
– 145 округ – 435 кандидат

Қазіргі таңда үміткерлер мен партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Науқан 27-ші қарашаға дейін жалғасады. 28-ші қараша – Тыныштық күні. Ал 29-шы қарашада ел тұрғындары дауыс беріп, өз таңдауларын жасайды. Айта кету керек, саяси шараны өткізуге 36 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Нурасыл Ахмет