Қоғам

Убайдолло Раджабов: “Тексерістер азайған соң, қағазбастылық та кемиді”

Кәсіпкерлікті қолдау және кедергілерді азайту. Президент өз Жолдауында микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу бастамасын көтерді. Қоғам белсенділерінің пікірінше, мұндай шара қағазбастылықты азайтып, өз ісін дамытуға мүмкіндік береді. Петропавлдық кәсіпкер Убайдулло Раджабов 96-шы жылдан бері сауда саласында еңбек етеді. Оның сөзінше, дәл осындай мораторий 2020-2023 жылдары енгізілген, сол кезде бұл кәсіпкерлер үшін өте тиімді болған көрінеді.

УБАЙДУЛЛО РАДЖАБОВ, республикалық тәжік этномәдени орталығы облыстық филиалының төрағасы:
-“Мен 1996 жылдан бері сауда саласында кәсіпкерлікпен айналысып келемін. 2020-2023 жылдары енгізілген мораторийдің пайдасын көрдік. Тексерістер азайған соң, қағазбастылық та кемиді. Кәсіпкер артық құжат жинауға уақыт жұмсамай, өз ісін дамытуға көбірек көңіл бөле алады. Сондықтан өз басым мұндай бастаманы қолдаймын”.

Улан Ыдырыс