Заң

Автобуста ерсі қылық жасаған қырғызстандық жазаланды

Қырғызстан азаматы Петропавлда қоғамдық көлікте ерсі қылыққа барды. 34 жастағы қонақ №4А бағытындағы автобуста 41 жастағы әйелдің белінен төмен сипаған. Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды. Алайда әдепсіз әрекеті үшін жауапкершілік мұнымен аяқталған жоқ. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығару туралы өтінішхатпен Петропавл қаласының №2 сотына жүгінді. Істің мән-жайын қараған фемида өкілдері өтінішхатты қанағаттандырды. Енді оған алдағы 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Байболат Култанов