Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру үшін ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру қажеттігін де атап өтті. Бұл бастама еңбек адамдарының табысын арттырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Президенттің бұл ұсынысына қатысты қоғам белсендісі Абай Әлжанов өз пікірін білдірді.
АБАЙ ӘЛЖАНОВ, қоғам белсендісі:
– “2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін өседі. Бұл – жақсы бастама. Себебі, инфляция жыл сайын жоғарылап барады. Салдарынан күнделікті тұтынатын азық-түлік пен басқа да қажетті тауарлар қымбаттап жатыр. Сол себепті, халықтың табысы да өзгерістерге сай болуы керек. Ең төменгі жалақыны көтеру – уақыт талабынан туындаған маңызды шешім. Бұл әсіресе табысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді”.
Улан Ыдырыс