Партнёрские материалы

SEO және GEO ілгерілету: айырмашылығы неде және бизнеске қайсысын таңдаған дұрыс?

Іздеу жүйесі соңғы онжылдықтардағы ең ауқымды өзгерістердің бірін бастан өткеріп жатыр. Бұрын пайдаланушылар қажетті тауарды немесе қызметті Google не Яндекс іздеу жүйесіне сұрау енгізіп, нәтижесінде ұсынылған алғашқы он сайтты қарау арқылы табатын. Ал қазір аудиторияның іздеу дағдысы айтарлықтай өзгерді. Адамдар қажетті ақпаратты, кеңес пен ұсыныстарды ChatGPT, Claude, Perplexity, Gemini сияқты жасанды интеллект құралдарынан және интеллектуалды іздеу жүйелерінен жиі сұрай бастады.

Бұл бизнес үшін нені білдіреді? Енді іздеу жүйелерінің алғашқы ондығына ену жеткіліксіз. Өйткені тұтынушы қажетті ақпаратты немесе компаниялар тізімін дәстүрлі сайттарға кірмей-ақ, жасанды интеллект ұсынған жауаптан таба алады. Осы өзгерістерге байланысты интернет-маркетингте GEO (Generative Engine Optimization) деп аталатын жаңа бағыт қалыптасты. Ол дәстүрлі SEO оңтайландыруымен тығыз байланысты. Ендеше, бұл екі тәсілдің айырмашылығы неде, жасанды интеллект брендтерді қалай таңдайды және бизнеске қандай стратегияны ұстанған дұрыс? Осы сұрақтарға тоқталайық.

GEO ілгерілету дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Генеративті оңтайландыру (GEO) – жасанды интеллект пен интеллектуалды іздеу жүйелерінің пайдаланушыларға жауап берген кезде белгілі бір брендті, тауарды немесе қызметті атап өтуіне бағытталған шаралар кешені.
Дәстүрлі іздеу жүйелері сайттарды кілт сөздер мен сілтемелерге сүйене отырып сараласа, нейрожелілердің жұмыс істеу тәсілі өзгеше. Олар интернеттегі көптеген дереккөзді талдап, қолда бар ақпарат негізінде пайдаланушыға жинақы әрі мазмұнды жауап ұсынады. Бұл ретте ақпараттың сенімділігіне, дереккөздің беделіне және мәліметтердің өзара сәйкестігіне мән береді.

Жасанды интеллект компанияның сарапшылық деңгейі мен сенімділігін бағалау кезінде бірнеше негізгі факторға сүйенеді:
Бренд туралы жарияланымдар мен сілтемелер. Бұған беделді ақпараттық ресурстардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы, салалық рейтингтер мен пікір қалдыру платформаларындағы материалдар жатады.

Контенттің құрылымы мен түсініктілігі. Нақты деректердің, сандардың, кестелердің, зерттеу нәтижелері мен пайдаланушылардың сұрақтарына тікелей жауаптардың болуы маңызды.Бастапқы дереккөздің техникалық қолжетімділігі. Сайттың жылдам жүктелуі, микроразметканың дұрыс қолданылуы және жасанды интеллект боттарының оны индекстеуіне мүмкіндік берілуі ескеріледі.

Сайтты нейрожелілерге бейімдеп оңтайландыру нәтижесінде компанияның контенті жасанды интеллект үшін түсінікті әрі жүйеленген ақпарат көзіне айналады. Соның арқасында нейрожелі жауап қалыптастыру кезінде компанияның өнімі мен қызметін ұсынуы мүмкін.

SEO мен GEO: негізгі айырмашылықтары

SEO – сайтты белгілі бір кілт сөздер бойынша іздеу жүйелерінің алғашқы қатарына шығаруға бағытталған оңтайландыру әдісі. Ол метатегтерді реттеу, семантикалық талдау, техникалық оңтайландыру және сыртқы сілтемелермен жұмыс істеуді қамтиды. Нәтижелілігі іздеу жүйесіндегі орын, органикалық трафик және CTR көрсеткіші арқылы бағаланады.

Ал AI-іздеудегі ілгерілетудің мақсаты – жасанды интеллект қалыптастыратын жауаптардың ішінде брендтің аталуы. Мұнда ақпараттың нақтылығы, компанияның сарапшылық беделі және басқа ресурстардағы жарияланымдары маңызды рөл атқарады. Нәтижелілігі нейрожелілер жауаптарындағы бренд туралы ескертулердің үлесі (Brand Share of Voice in LLM), ұсыныстардың сипаты және генеративті сервистерден келетін трафик арқылы өлшенеді.

Контент құрылымында да айырмашылық бар. Іздеу жүйелері кілт сөздердің сәйкестігі мен пайдаланушылардың мінез-құлық көрсеткіштеріне назар аударса, жасанды интеллект ақпараттың логикалық байланысын, тақырыптың толық ашылуын және брендтің салалық ақпарат құралдарында қаншалықты жиі кездесетінін талдайды.

Бизнеске қайсысын таңдаған дұрыс?

SEO электронды сауда, бөлшек сауда және жергілікті қызмет көрсету салалары үшін негізгі құрал болып қала береді. Себебі бұл бағыттарда тұтынушылар тауарларды визуалды каталогтар арқылы салыстырып, компанияларды картадан іздеуге дағдыланған.

Ал GEO әсіресе B2B, IT, консалтинг, медицина, қаржы және қымбат қызметтер ұсынатын компаниялар үшін маңызды. Бұл салаларда клиенттер белгілі бір қызметті таңдамас бұрын нейрожелілерден ақпарат сұрап, бірнеше компанияны салыстырады немесе өз қажеттілігіне сай үздік ұсыныстарды іздейді. GEO оңтайландырусыз бизнес жасанды интеллект ұсынатын жауаптардан тыс қалуы мүмкін.

Сондықтан кәсіпкерлер үшін «SEO немесе GEO» деген таңдау болмауы керек. Қазіргі жағдайда ең тиімді шешім – дәстүрлі іздеу жүйелеріне арналған оңтайландыру мен GEO ілгерілетуді қатар қолдану.

SEO мен GEO-ны бір стратегияға қалай біріктіруге болады?

Екі бағытты қамтитын тиімді жүйе қалыптастыру үшін бірнеше кезеңнен тұратын жұмысты жүзеге асыру қажет.

1. Аудит жүргізу және көріну деңгейін талдау.

Мамандар сайттың техникалық жағдайын, жүктелу жылдамдығын және мобильді құрылғыларға бейімделуін тексереді. Сонымен қатар іздеу жүйелеріндегі позицияларды және сайттың мазмұны жасанды интеллект жауаптарында қаншалықты көрініс тауып жүргенін бағалайды.

2. Контентті оңтайландыру.

Мәтіндер пайдаланушыларға, іздеу жүйелеріне және нейрожелілерге түсінікті болатындай бейімделеді. Ол үшін Schema.org микроразметкасы енгізіліп, жиі қойылатын сұрақтар бөлімі жасалады. Сондай-ақ нақты деректер мен көрсеткіштерге негізделген кейстер және сараптамалық зерттеулер жарияланады.

3. Сыртқы ақпараттық ортаны дамыту.

Жасанды интеллект брендтің беделі мен танымалдығына мән беретіндіктен, компаниялар Қазақстандағы салалық порталдарда сараптамалық мақалалар жариялап, анықтамалықтармен, карталармен және пікір қалдыру алаңдарымен жұмыс істеуі қажет.

4. Талдау және тұрақты мониторинг.

Мамандар іздеу жүйелеріндегі позициялардың, сайт трафигінің және жасанды интеллект жауаптарында брендтің аталуы жиілігінің өзгерісін бақылап отырады. Алгоритмдердегі жаңартуларға байланысты ілгерілету стратегиясына уақытылы түзетулер енгізеді.
Цифрлық іздеу жүйелері дәстүрлі нәтижелер тізімінен әлдеқайда кең ауқымға шықты. Генеративті сервистер пайдаланушылардың брендтермен өзара байланысының жаңа форматын қалыптастырды. Осы жағдайда GEO ілгерілету интернет-маркетингтің заңды жалғасына айналып отыр.
Дәстүрлі SEO мен жасанды интеллектке арналған оңтайландыруды ұштастыру клиенттің іздеу барысындағы барлық кезеңін қамтуға мүмкіндік береді. Яғни Google-дан ақпарат іздеуден бастап, нейрожелімен диалог құруға дейінгі аралықта компанияның көріну деңгейін арттырады. Контент сапасын жақсарту, техникалық базаны жетілдіру және брендтің сыртқы беделін қалыптастыру – цифрлық кеңістікте бәсекелестерден озып, аудитория назарын аударудың маңызды жолы.