Президент Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берді. Атап айтқанда, негізсіз айыппұлдар мен жоспардан тыс тексерулерді қайта қарау қажеттігін атап өтті. Аққайың ауданының тұрғыны Нұрсұлтан Мұхамедрахимовтың пікірінше, бұл бастамалар ауыл кәсіпкерлері үшін де айрықша маңызды.
НҰРСҰЛТАН МҰХАМЕДРАХИМОВ, кәсіпкер, Аққайың ауданы:
– “Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны қуантады. Биыл бұл мүмкіндікті пайдаланып “Ауыл аманаты” жобасы аясында өз кәсібімді аштым. Ауыл тұрғындарының сұранысын ескеріп, монша қызметін іске қостым. Бүгінде кәсібім өрге домалап келеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында негізсіз айыппұлдар мен жоспардан тыс тексерулерді қайта қарау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге кедергі келтіретін заңсыз әрекеттерді тоқтатып, оларды қорғауға шақырды. Менің ойымша, бұл – шағын кәсіп иелері үшін зор жәрдем. Осы арқылы Президент іскер жандарды еңбек етуге ынталандырып отыр”.
Жансая Дербисова