Ал “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Кемел Оспановтың пікірінше, Жолдауда көтерілген міндеттер тек энергетика саласымен шектелмейді. Құжатта өңірлердің инфрақұрылымын дамыту, елді мекендерді көркейту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мәселелеріне де басымдық берілген. Әсіресе, Көкшетау мен Петропавл арасындағы жолды кеңейту, көлік-логистика әлеуетін арттыру және әлеуметтік нысандардың құрылысын жандандыру жөніндегі тапсырмалар өңір үшін аса маңызды.
КЕМЕЛ ОСПАНОВ, “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:
– “Мемлекет басшысының тапсырмаларының ішінде маған ұнағаны – Көкшетау мен Петропавл қалалары арасындағы жолды жақсарту жөніндегі тапсырмасы. Сонымен қатар, қалалар мен ауылдарды көркейту, құрылыс саласын дамыту мәселелері де маңызды. 2027 жылдың “Құрылыс жылы” деп жариялануы білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы жаңа нысандардың бой көтеруіне мүмкіндік береді”.
Улан Ыдырыс