Қоғам

Ескендір Елеусізов: “Жылдан-жылға электр энергиясын тұтыну көлемі артып келеді”

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мәселесіне де ерекше назар аударды. Соңғы жылдары электр энергиясын тұтыну көлемі артып, әсіресе қыс мезгілінде жүктеме күшейіп отыр. Осыған байланысты Президент жаңартылатын энергия көздерін дамыту және атом электр станциясын салу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Бұл бастамаларды өңіріміздің аға буын өкілдері қолдайды.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– “Жылдан-жылға электр энергиясын тұтыну көлемі артып келеді. Ал қыс мезгілінде, әсіресе электр энергиясына сұраныс шарықтайтын кезеңде тапшылық байқалады. Мемлекет басшысы осы мәселені де шешуіміз керек екенін айтты. Ол үшін жел электр станцияларын дамыту қажет. Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, референдумнан кейін атом электр станциясын салу мәселесі де күн тәртібінде тұр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдету керек. Президентіміз осы маңызды мәселелердің барлығына тоқталып өтті”.

Улан Ыдырыс