Қоғам

Даяна Баймұқанова: “Жаңа Конституция экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін береді”

Жаңа Конституция – еліміздің дамуындағы маңызды кезең. Оның күшіне енгеніне 4 айға жуықтады. “Штаб JE SKO” жетекшісі Даяна Баймұқанованың пікірінше, жаңа Ата заң волонтерлік істің дамуына, экологиялық акциялардың ұлғаюына серпін берді. Бүгінде облыста 10 мыңнан астам ерікті тіркелген. Жыл басынан бері “Таза Қазақстан” бастамасы аясында 1200-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылған.

ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, “Штаб JE SKO” ҚБ жетекшісі:
-“Конституцияның 37-бабында азаматтар табиғатты сақтауға, табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті екені белгіленген. Бұдан бөлек, жаңа Конституцияның 3-бабы жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының біріне жатқызады. Осы орайда айқындалған басымдықтар қоғамдағы жаңа экологиялық нормаларды жүзеге асыруға зор ықпалын тигізеді деп санаймын”.

Жаннур Бектурганова