Заң

Петропавлда ет өнімдері заңсыз өндірілген

Петропавлдағы Жамбыл көшесіндегі цехте ет өнімдері заңсыз өндірілген. Пысықай кәсіпкер үйрек етін сатып алып, оны өңдеп, «Белорусский продукт» брендімен қаптап, қала базарлары арқылы саудалаған. Заңсыз өндірісті ұйымдастырған – 41 жастағы қала тұрғыны. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құқық бұзушыны ветеринариялық инспекция қызметкерлері тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапқа тартты. Полицейлер тұрғындарды азық-түлік сатып алу кезінде мұқият болуға, брендтік өнімдерді фирмалық дүкендерден алуға және тауардың заңдылығын растайтын құжаттарды талап етуге шақырады.

Байболат Култанов