Мемлекет басшысы Жолдауда елдің алдағы даму бағыттарын айқындауға қатысты бірқатар тапсырма берді. Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтына, Президент Әкімшілігіне және Үкіметке бірлесіп стратегиялық зерттеулер жүргізу міндеттелді. Қоғамдық әрі саяси өмірге жақын азаматтардың пікірінше, бұл мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға және бюджеттің әр тиынын тиімді жұмсауға мүмкіндік береді.
МЫРЗАНТАЙ ЖАҚЫП, М.Қозыбаев атындағы СҚУ “Журналистика және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының профессоры:
– “Менің ғалым ретінде болжамым бар. Үкіметте ұқсас міндеттерді атқарып отырған министрліктерге қатысты өзгеріс орын алуы мүмкін. Себебі бір жұмысты қатар атқарып отырған мемлекеттік органдар баршылық. Сондықтан өзгерістер қажет. Бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, нақты жұмыстар атқару керек деп ойлаймын”.
Улан Ыдырыс