Қазақстан жаңалықтары

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы ел тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба болмақ – Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға дайындыққа, оның барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру қажет екеніне назар аударды.
Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Энергетика, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, 2026 жылдың соңына дейін өңірлердің инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарға деген қажеттілігіне талдау жасап, нақты жобалар тізбесін қалыптастыру тапсырылды.

«Жыл соңына дейін өңірлердің инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарға деген қажеттілігіне талдау жасалып, нақты жобалар тізбесін қалыптастырылсын. Бұл жергілікті жолдарға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілеріне, сондай-ақ білім беру, мәдениет және медицина мекемелеріне де қатысты», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Президент құрылыс жұмыстарын отандық материалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырғанына да тоқталды.

Дереккөз: https://t.me/ortcom_kz/58720