Дәрігерлердің жалақысы 40 пайызға өседі. Мемлекет басшысы Жолдауында бейінді министрлікке келер жылдан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің айлығын көтеруді тапсырды. Бірақ, бәріне бірдей емес, өсім ақ халатты абзал жанның еңбек өтіліне қарай есептелмек. Нәтижесінде алдағы уақытта 77 мыңнан астам маманның табысы артады. Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоногтың сөзінше, оң өзгерістің нәтижесінде медициналық мекемелердегі кадр тапшылығы азайып, мамандарға түсетін жүктеме жеңілдейді.
ЮРИЙ БЕЛОНОГ, облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры:
– “Медициналық мекемелердегі басты мәселе – кадр тапшылығы. Салдарынан тұрғындар кезекті ұзақ күтеді, тексерілуге біраз уақыт жұмсайды. Әрине, жалақының өсуі өзекті түйткілді бірден шешпейді. Бірақ, жағдай бірте-бірте реттеліп, жағдай айтарлықтай жақсарады”.
Нурасыл Ахмет