Денсаулық сақтау

Азамат Мағзұмов: “Денсаулық сақтау саласында күтілетін өзгерістер қуантады”

Мемлекет басшысы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында медицина саласына айрықша тоқталды. Елімізде бұл бағытта ауқымды өзгерістер күтіледі. Жіпке тізер болсақ, тұтас республикада құрылысқа қарқын қосылады. Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше ұл-қыздардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді. Бұл жаңалық 50 жылға жуық еңбек өтілі бар Азамат Мағзұмовтың бөркін аспанға атқызған.

АЗАМАТ МАҒЗҰМОВ, денсаулық сақтау саласының ардагері:
– “Денсаулық сақтау саласының өткені мен бүгінін салыстыруға келмейді. Кеңес одағы заманында ауруханаларда рентген аппараттары мен жүректі тексеретін қондырғылар ғана болды. Қазір бәрі бар. Нәтижесінде адам өмірін аман сақтап қалу мүмкіндігі жоғарылады”.

Нурасыл Ахмет