Шағын және микробизнесті қолдау, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселеге ерекше назар аударды. Президент Үкімет пен Құрылтай депутаттарына келесі жылдан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізу мүмкіндігін талқылауды ұсынды. Бұдан бөлек Президент Салық кодексін жетілдіру қажет екенін атап өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсел Құнанованың пікірінше, ұсынылып отырған бастама бизнестің еркін дамуына жағдай жасап, бақылау жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді.
ӘСЕЛ ҚҰНАНОВА, СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
– “Биыл ғана қабылданған Салық кодексінің кемшіл тұстары бар екені бәрімізге белгілі. Оларды жетілдіру қажет. Заңдағы кейбір нормалар іскер жандардың өз кәсібін дөңгелетуіне кедергі жасап отыр. Осы тұста Президент қайшылықтарды жойып, бизнеске түсетін жүктемені азайтуды тапсырды. Мемлекет басшысы шағын бизнесті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізуді ұсынды. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын”.
Улан Ыдырыс