Спорт

Өңірге V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері Иван Залезняк оралды

Солтүстікқазақстандықтар V жазғы Азия Пара ойындарының қатысушысы Иван Залезнякты қарсы алды. Ол өңірге Жапон жерінен оралды. Теріскейлік толағай күншығыс елінде жалауын желбіреткен жаһандық жарыста ядро итеру және диск лақтыру сайысында сынға түседі. Қуанышымызға орай, спортшымыз артқан сенімді ақтады. Ол бәсекеде 3-ші орынға табан тіреді. Осылайша, білекті азамат Азия Пара ойындарының 3 дүркін қола жүлдегері атанды.

ИВАН ЗАЛЕЗНЯК, V жазғы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері:
– “Мен ядроны 12 метр 71 сантиметрге лақтырып, қола медаль жеңіп алдым. Әрине, бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндігім болды, бірақ жарыс кезінде қатты қобалжыдым. Қарсыластарым да өте мықты болды, өйткені әр спортшы жеңіске жетіп, жүлделі орын алуға бар күшін салды. Дегенмен, тұғырдан көрінгеніме қуаныштымын. Алдағы уақытта отандастарымды қуанту үшін тынымсыз еңбек етіп, дайындала беремін”.

Сандугаш Кайырбек