Заң

Өңірде 23,6 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды

Биыл өңірде 36 аудиторлық тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде жалпы сомасы 23,6 млрд теңгенің заңбұзушылықтары анықталды. Оның 14,8 млрд теңгесі қаржылық бұзушылықтарға тиесілі. Тексерістен кейін тиісті шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтардың 94,1 пайызы жойылған екен. Сонымен қатар, заң талаптарын бұзған 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 143 әкімшілік іс бойынша, 19,6 млн теңге айыппұл салынды. Мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген бақылау кезінде 18 мыңнан астам рәсім тексерілді. Нәтижесінде 15,7 млрд теңгенің заңбұзушылықтарын жою туралы хабарламалар жолданды. Оның басым бөлігі орындалды. Жалпы, департаментке түскен 299 өтініштің барлығы қаралды.

Улан Ыдырыс