Жолдау – қазақстандықтарды алға жетелейтін саяси маңызды құжат. Мемлекет басшысы елді дамытудың жаңа жолдарына тоқталды, негізгі бағыттарды атап өтті. Бұл – өңірімізден сайланған Құрылтай депутаты Ерлан Тоқшылықтың пікірі. Халық қалаулысы Президент бастамасымен еліміздің әр аймағында оң өзгерістер орын алатынын тілге тиек етті.
ЕРЛАН ТОҚШЫЛЫҚ, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты:
– “Жекелеген қалаларға ғана емес, тұтас Қазақстанға көңіл бөлінетін болды. 2029 жылдың соңына дейін әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді”.
Байболат Култанов