Саяхат жасауды жоспарлап отырған солтүстікқазақстандықтарға сүйінші жаңалығымыз бар. Петропавлда “MORE TOUROV Поехали с нами” атты жаңа туристік агенттік ашылды. Интернационал көшесі, 50 мекенжайы бойынша орналасқан орталық тұрғындарға демалыс бағытын таңдауға, сапарды жоспарлауға және жол жүруге қажетті қызметтерді ұсынады. Мұндағы мамандар бағаға емес, сапаға баса мән береді.
АННА МИХЕЕНКО, “MORE TOUROV Поехали с нами” компаниясының негізін қалаушы:
– “Кәсіп бастауға түрткі болған басты себеп – сапалы қызмет көрсетуге деген сұраныс. Отбасымызбен көп саяхаттадық, көп туристік агенттікті көрдік, бірақ соңында ешқайсысына қайта жүгінген жоқпыз. Бұл салада әлі де кемшіліктер бар екенін білдіреді. Әр клиенттің қалауы мен мүмкіндігіне сай демалыс бағытын ұсыну – бірінші кезектегі мәселе. Мұнда жүгінуші жандарға кеңес беріледі, сапар барысында да қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, біз визалық мәселелерді шешуге көмектесіп, сақтандыру қызметін де ұсынамыз”.
Қала тұрғындары мен қонақтарына оффлайн және онлайн қызмет ұсынылады. Егер демалысты жоспарлаған адам орталыққа келе алмаса, “MORE TOUROV Поехали с нами” туристік агенттігінің Telegram-арнасына тіркеле алады. Осы орайда құлақ түрер жаңалық бар. Қарашаның 1-і мен маусымның 1-і аралығында тур сатып алған немесе брондаған клиенттер 2 адамға арналған Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама ұтысына қатысады. Яғни, демалысыңызға демалыс қосуға мүмкіндік бар. Орталық ашылу салтанатына қатысқан Наталья Терещенконың көңілінен шықты. Ол қиялындағы саяхатты қазірдің өзінде сезіп үлгеріпті.
НАТАЛЬЯ ТЕРЕЩЕНКО, Түмен қаласының тұрғыны, РФ:
– “Шетелге ұшып, саяхаттаған кезде сенімді туристік агенттікті таңдау керек. Бұл – бірінші кезектегі қағида. Егер осы жерден қателік жіберсең, демалыс ойлағандай болмайды. Бұл агенттік адамдарға жан-жақты қолдау көрсетеді екен. Әр адамның сұранысына қарай бағыт таңдап береді. Менің көңілімнен шықты, демалысты қалағандар сенімді түрде жүгіне алады”.
Орталық ресми түрде 1-ші қараша күні жұмысқа кіріседі. Адамдарға 2 турагент қызмет көрсететін болады. Демалысқа баруды көздегендер үшін есік әрдайым ашық!
Аружан Султанова