Қазақстан Республикасының Конституциясы – заңдар жиынтығы ғана емес, күнделікті өмірдің негізі. Басты құжат әрбір азаматтың қорғалуына, жайлы ғұмыр кешуіне кепілдік береді. Бұл – белгілі заңгер, қоғам қайраткері Евгений Кинцельдің ойы. Азаматтың пікірінше, жаңарған Конституция отандастарымыздың жақсы өмір сүруіне барынша негізделген.
ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, заңгер, қоғам қайраткері:
– “Заңгер ретінде айтар болсам, Конституцияда “Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды” деп жазылған. Қабылданатын барлық заңдар азаматтарға қандай да бір міндеттемелер жүктеген жағдайда әрекет ете алады. Сондай-ақ, басты заңға сәйкес, меншік құқығына қол сұғылмайды. Конституция сот арқылы қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқық береді – бұл өте маңызды мәселе”.
Байболат Култанов