Заң

Жүк көліктерінің иелеріне 12 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынды! Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы “Оңтүстік” өткізу бекетінде тоқтатылған жүк көліктеріне қатысты қосымша дерекпен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні түнге таяу Петропавлдың іргесінде шамадан тыс қиыршықтас тиелген 15 техника анықталды. Тәртіп сақшыларының бұйрығына бағынбаған 2 жүргізуші оқиға орнынан қашып та кетті. Полиция қызметкерлері оларды таңға жақын анықтады. Жан-жақтан іздеген мамандардың ескертуіне құлақ асып, бекетке жеткізілген азаматтар жауапқа тартылмады. Тек олардың жұмыс берушілері жазаланып, 3,7 млн теңге төлеу міндеттелді. Жалпы, бұл түні артық салмағымен жолды бұзатын көліктердің иелеріне қатысты 20 хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдың көлемі 12 млн 300 мың теңгені құрады.

Байболат Култанов