Ұрпақтар сабақтастығы – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізіп, болашаққа аманат ететін алтын көпір. Ұлттың рухани байлығы мен бірегейлігі аға буынның өмірлік тәжірибесі арқылы жас ұрпақтың бойына дариды. Осы ретте сары майдай сақталған құндылықтарды дәріптеу мақсатында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде “Үлкендерді құрметтеу – ұлттық даналық дәстүрі” тақырыбында облыстық конференция өтті. Жиынға ардагерлер ұйымының өкілдері, ұстаздар мен студенттер қатысты. Олар ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына тоқталды.
ТҰРАР ОРАЗАЛИН, Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Конференцияда колледж студенттері де сөз алып, өз пікірлерін ортаға салды. Жастар үлкенге құрмет көрсету және аға буынның өнегесін бойға сіңіру – келешек ұрпақтың парызы екенін атап өтті. Сондай-ақ, білім ордасында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, үлкенді сыйлау дәстүрін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.
ЕГОР САФРОНОВ, студент:
– “Колледжімізде аға буынға құрмет көрсетуге бағытталған игі дәстүр қалыптасқан. Жыл сайын Ұстаздар күні қарсаңында қарт педагогтердің үйлеріне барып, қолғабыс етеміз, мерекемен құттықтап, көңіл бөлеміз. Колледжде ұрпақтар сабақтастығы бағытында бұдан да басқа түрлі іс-шаралар өтеді. Үлкендердің хал-жағдайын біліп, қолдау көрсету, оларға қамқорлық таныту – баршамыздың азаматтық парызымыз деп білемін”.
Іс-шара соңында облыстық ардагерлер кеңесінің бірнеше жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан “Шын жүректен” жобасы сөз болды. Оның негізгі мақсаты – жас ұрпақты егде жастағы адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Улан Ыдырыс