Қоғам

Екі кездесу – екі жеңіс: “Қуаныш” ВК жаңа маусымды сәтті бастады

“Қуаныш” волейбол клубы жаңа маусымды сәтті бастады. Саим Паккан шәкірттері 3-ші және 4-ші қазан күндері Қарағанды командасымен бақ сынасты. Қос кездесуде де жерлестеріміз қарсыластарынан басым түсті. Алғашқы матч 3:1 есебімен аяқталса, екінші ойында солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді теріскейлік әуе доп шеберлері келесі кездесулерін қазанның 15-ші және 16-ші жұлдызында өткізеді. Бұл жолы жерлестеріміз павлодарлық “Ертіс” командасымен күш сынасады.

Улан Ыдырыс