Жақсы дене дайындығы, табельдік қаруды меңгеру, заңнаманы білу. Облыстық полиция департаментінде дәстүрлі «Үздік жедел уәкіл» байқауы өтті. Оған 20-ға жуық маман қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Рахат Ғалиасқаров жеңімпаз атанды.
Қазіргі таңда Рахат Ғалиасқаров криминалдық полиция басқармасында жұмыс істейді. Жедел қызметтегі еңбек өтілі 8 жылдан асады. Биыл із кесуші хабар-ошарсыз кеткен 15 адамды тапқан. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында 7 қылмыскерді қолға түсірді. Іс сапарлары кезінде Омбы мен Түмен қалаларында алаяқтық және ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген екі адамды ұстаған. Аталған қызметтік көрсеткіштері байқауда жеңіске жетуіне зор көмегін тигізді.
Сонымен қатар, Рахат спортық сайыстар, тир ату және тестілеу бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Енді ол облыс намысын республикалық додада қорғайды.
Нурасыл Ахмет