Денсаулық сақтау

78 мыңнан астам теріскейлік МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Облыста 78 мың 273 адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл – облыс тұрғындарының 15,2 пайызы. Сақтандырылмағандардың басым бөлігі – жүйеге бірде-бір рет қаржы аудармаған жандар. Олардың саны 43 мыңнан асады. Көбі еңбекке қабілетті жаста. Айта кеткен жөн, өңірде 25 мың 881 адамға жұмыс берушілер тарапынан жарналар уақытылы аударылмайды. Көп жағдайда төлем кезеңін көрсету кезінде қателіктер жіберілген.

Нурасыл Ахмет